01 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: today.kz
Қызылорда облысында үйі өртеніп, нәрестесі қайтыс болған Текебаевтар отбасына 6 бөлмелі жер үй табыс етілді. Үй қайырымдылық қорларының қаражатына сатып алынған.
Сондай-ақ зардап шеккен көпбалалы отбасыға әкімдік пен кәсіпкерлер тарапынан 1 айға жететін азық-түлік және мектепке қажетті құрал-жабдықтар берілді.
Еске сала кетейік, 18 ақпанда Әл-Фараби Мөлтек ауданында өрт болған. Салдарынан 2020 жылы туған нәресте қайтыс болды.
Көпбалалы 1993 жылғы ана көмір қышқыл газына уланып, сол жақ білегі мен екі алақанын термиялық күйік шалып, қалалық ауруханаға жатқызылған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір