• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 01:42:05
Алматы
+35°

WhatsApp мессенджері мен Instagram әлеуметтік желісі жаңа функция енгізбек.

WhatsApp-та енді пайдаланушылар видеоны статусқа қойғанда және біреуге жіберген кезде видео даусын өшіре алады. Жаңа қызмет әзірге Android смартфондарға ғана қолжетімді болмақ.

Ал Instagram төрт адамға дейін тікелей эфир жүргізуге болатын Live Rooms қызметін іске қосады. Компания жаңа қызмет шығармашылық мүмкіндіктерге кеңінен жол ашып, ток-шоу, топтық номерлер мен мастер-класстар өткізуге ыңғайлы болатынын айтуда.

Бұған дейін WhatsApp қолданушыларының деректері Facebook-ке кететіні хабарланғаннан кейін желі қолданушыларының саны азайған. 

Сондай-ақ соңғы уақытта Clubhouse әлеуметтік желісі кеңінен тарала бастаған. Ол жерде қолданушылар дыбыстық хабарламалар арқылы конференция режимінде сөйлесе алады.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әлеуметтік желі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір