02 Наурыз, 2021 NEWS
Фотоколлаж
Павлодарда "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бөлімше басшысы ұсталды. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, күдікті жұмыста жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікке ілінген.
"Бөлімше басшысы өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерден ай сайын 8-10 мың теңге аралығында заңсыз ақша алғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі 201-бапқа сәйкес жария етілмейді" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір