02 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: visaapp.ru
білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту кезінде сабақ өтпей, студенттер сабаққа қатыспай емтихан тапсырып баға алса, қандай шара қолданылатынын айтты.
– ЖОО-да жемқорлыққа қарсы біраз шаралар қабылданды. Соның ішінде нормативтік-құқықтық құжаттардың ішінде де белгіленді. Ең бастысы жоғары оқу орындарында адалдық-академиялық қағидалары сақталуы керек. Сол кезде ғана оқу үлгерімі де жақсы болады. Студенттер сабаққа да қатысып, емтихандарын да уақытылы тапсырады.
Бүгінде оқу процесі цифрландырылып жатыр. Сондықтан екі есеге дейін жауапкершілік арта түседі. Студенттер де оқуға міндетті болады. Биыл жемқорлыққа қарсы тапсырма берілді. Егер де сабаққа қатыспай емтихан тапсырып баға алу фактісі анықталса, заң жүзінде қарастырылып, университет лицензиясынан айырылады, – деді Г. Көбенова.
Сондай-ақ білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушыларының аралас оқыту форматына көшуіне байланысты мектеп формасы мәселесін түсіндірді.
– Ата-аналарды мазалап жатқан тағы бір үлкен мәселе – мектеп формасы. Осы оқу жылының басында тиісті бұйрық шығарылып, толық оқу жылында мектеп формасын сақтамау бойынша ұстаным қабылданған болатын. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты тағы қайталап айтамыз, мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне лайықты, таза, ұқыпты киіммен мектептегі сабақтарға қатыса алады, – деді вице-министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір