05 Наурыз, 2021 Экономика
Фото: primeminister.kz сайты
Пандемиясы салдарынан экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының бірі шағын және орта бизнес жүктемені азайту, қаржыландыруға, сұраныс нарықтарына және сапалы адам ресурстарына қолжетімділікті кеңейту бойынша мемлекеттік қолдауға ие болады. Бұл туралы президент жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды.
Кәсіпкерлерді қолдау бойынша мақұлданған шұғыл шаралар топтамасына сай, 2021 жылғы 1 маусымға дейін жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру үшін шағын жіәне орта бизнес тізбесін 29-дан 174-ке дейін кеңейту көзделіп отыр.
Сондай-ақ мемлекеттік мүлік объектілері мен квазимемлекеттік сектор мүлкін жалдап отырған кәсіпкерлерді 31 шілдеге дейін төлемдерден, жыл соңына дейін мүлік салығын төлеуден босату, жұмыс берушіден алған қорғау қаражаты түрінде кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің табыстарын жеке табыс салығынан босату қарастырылған.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бастамасы бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығына мораторийді 2021 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту, отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қолжетімділігін арттыруды, "Даму" КДҚ" АҚ кепілдік беру құралын Ұлттық банктің жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына тарату жоспарланған.
Үкіметтің есебінше, тікелей іс-қимыл шаралары ЖІӨ-нің 3%-ға өсуіне қол жеткізуге ықпал ететін болады. 3,3 млн-нан аса адам жұмыс істейтін 1,2 млн-нан астам кәсіпкерлік субъектілерін қолдау қамтамасыз етіледі.
Премьер-министр парламент мәжілісіне 25 наурызға дейін ұсыну үшін Ұлттық экономика министрлігіне қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер топтамасын 12 наурыз дейін үкіметке тапсыруды жүктеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір