• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:48:02
Алматы
+12°

АҚШ Қытайды "Гонконгтағы демократиялық институттарға қауіп төндірді" деп айыптады. Жақында ғана Бейжің Гонконгтағы сайлау жүйесін өзгерту жоспарын жариялаған.

Жұма күні бүкілқытайлық халық жиналысы өтті.

Қабылданған жаңа ереже бойынша, Гонконг ассамблеясына қатысатын барлық үміткерлерді Бейжіңге адал мүшелер комитеті мақұлдауы керек.

Бұл қадам былтырғы жылы қатаң қауіпсіздік заңын қабылдағаннан кейін болды.

Сыншылардың пікірінше, Бейжің диссиденттерді жаншуда және Ұлыбританиямен жасаған "бір ел, екі жүйе" келісімін бұзып жатыр.

Бейжің-Лондон арасындағы келісімге сәйкес, бұрынғы британ колониясы – Гонконг тәуелсіз құқықтық жүйемен жұмыс істеуге және сөз бостандығы, баспасөз бостандығы сияқты құқықтарға ие болуға рұқсат етілген. 

Бұл модель жойылып бара жатыр деген қорқыныш 2019 жылы демократиялық үлкен наразылықтарға алып келді. Кейбір шерулердің соңы зорлық-зомбылыққа ұласып, Бейжің ұлттық қауіпсіздік туралы заң шығарды. Бейжіңнің айтуынша, жаңа заң "бүлік шығаруды" мақсат еткендерге қарсы жасалған және қоғамның орнықтылығын сақтайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай Гонконг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір