• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:43:35
Алматы
+12°

NASA-ның "Perseverance" деп аталатын ровері Қызыл ғаламшарға қонып, екі аптадан кейін қысқа аралыққа жүре бастады. Бұл туралы миссия менеджерлері жариялады.

Автокөлік көлеміндегі алты дөңгелекті зонд 6,5 метрге қозғалды. Ровер Марстың Джезеро кратеріндегі ежелгі көл табаны мен өзен атырабында жарты сағаттық сынақ жүргізіп, жақын қашықтыққа қозғалды.

Лос-Анджелеске жақын NASA-ның "Jet Propulsion Laboratory (JPL)" миссиясының менеджерлерінен нұсқау алып, ровер 4 метр алға жүріп, солға қарай 150 градусқа бұрылып, кейін тағы 2,5 метр артқа қарай жүрді.

– Бұл – өте жақсы. Бұл –үлкен кезең, – деді JPL мобильділікті тестілеу инженері Анаис Зарифян.

NASA жариялаған фотодан Марс бетіндегі дөңгелектің ізін көруге болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: NASA Марс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір