12 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: pikabu.ru
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мереке қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жолдады.
"Мерекелік демалыс күндері қарсаңында тағы да естеріңізге сала кеткім келеді. Күз бен көктемде жіті респираторлық вирустық инфекция (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және басқалары) асқынады. Қазір ЖРВИ маусымы жалғасуда, сондықтан сырқаттану қауіпі сейілген жоқ.
Қыркүйек пен қаңтар аралығында елімізде таралған КВИ вирусын геномдық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирустың ("Британиялық", "Оңтүстік Африка", "Бразилиялық") жаңа штамы анықталған жоқ. Алайда халықаралық әуе қатынасы қайта ашылғанын, шетелге шығатын ел азаматтары (еңбек көші-қоны, оқыту, емделу, туризм), сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келгендердің қатары көбейгенін ескерген жөн.
Яғни, коронавирус инфекциясының жаңа штаммдарын тасымалдау қаупі де артады деген сөз. Әлеуметтік-экономикалық нысандардағы шектеу шараларының жеңілдетілуі, халықтың белсенділігі (әлеуметтік арақашықтық, маска тағу режимі және т.б. сақталмайды) коронавирус инфекциясының таралу қаупін үдетуі мүмкін.
COVID-19 жұқтырған науқастарда иммунитет пациенттің жасына қарай қалыптасады: иммунитет балаларда жақсы дамиды – кәмелетке толмағандар арасында иммунитет шамамен 20% болады. 18-ден асқан адамдарда – 14%, 65 жастан асқандарда – 11%. 40%-ында иммунитет өте әлсіз және инфекция қайталанғанда көмектесе алмайды.
Иммунитеттің сақталу ұзақтығына қатысты ғылыми дәлелденген дерек жоқ, сондықтан Covid-19-дан сауыққан адамдарда ауруды қайта жұқтыру мүмкіндігі күн сайын артып келеді.
Карантинге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ғана балама бола алады. Егер халық жаппай КВИ-ге қарсы профилактикалық екпе салдырса, ұжымдық иммунитет қалыптасады және инфекцияның таралуын тоқтатуға мүмкіндік туады" деп жазды желідегі жазбасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір