14 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Ұлттық қауіпсіздік комитеті авиация қызметіне тиесілі АН-26 ұшағы экипажының апат алдында диспетчермен әңгімесінің жазбасы тарап жатыр. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлап, әңгіменің аудионұсқасын youtube арнасына жариялады.
"Жазба ұзақ. Жарты сағаттан асады. Бірақ тыңдағанда қону үшін көру мүмкіндігі жеткілікті болғаны түсінікті бола түседі. Десе де ұшқыштарға қатты турбулент пен мұздану жайлы ескерту беріледі. Сондай-ақ ҰҚК шекара қызметіне тиесілі бір емес, екі ұшақтың қонуға жұптасып келе жатқаны анықталады. Белгілі бір себеппен құлаған ұшақ екінші айналымға кетеді. Әңгіме барысынан оның неліктен олай істегені түсініксіз. Техникалық ақау туралы хабарланбайды. Мүмкін бағытынан жаңылған шығар. Бұл – тәжірибелі ұшқыштардың бірінің тұспалы. Диспетчет апат болғанын эфирде хабарлау арқылы қателік жібірді. Өзге ұшқыштарға мұндайды естудің қажеті шамалы. Бұл оларға қалай әсер ететіні белгісіз" делінген журналистің telegram-дағы жазбасында
Жазба сапасы нашар, дыбыс жөнді естілмейтіндіктен әңгіменің мазмұны түсініксіз. Десе де әңгіме соңында диспетчердің "Аэродром жабық, бізде апат" дегені анық естіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір