• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:42:09
Алматы
+12°

ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Сайт мәліметінше, кездесуде Қазақстан-Қытай қатынастарының өзекті мәселелері талқыланған.

"Маңызды тақырыптар арасында тараптар Қазақстан азаматтарының Қытайда тұратын туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесу туралы өтініштерін талқылады" делінген хабарламада.

Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары Қытай азаматтары екенін және олар ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келіскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір