• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:09:41
Алматы
+12°

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала қандай жағдайда толықтай карантинге жабылатынын айтты, деп хабарлады inform.kz сайты.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада шектеу шараларын жалғастыру керек.

– Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 5000 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орындарды толығымен аламыз. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Уақтылы шаралар қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз – бұған жол бермеу, – деді бас санитар дәрігер ZOOM конференциясы барысында.

Бұған дейін 10 наурызда Алматы "қызыл" аймаққа енген. Карантин режимі қалада 13 наурыздан бастап күшейтілген. Өткен демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда қалада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір