• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:02:27
Алматы
+12°

Былтыр Қазақстанда 2019 жылғы көрсеткішке қарағанда 30 мың адам артық қайтыс болған. Бұл 21,8 пайызға жоғары. Мұндай деректерді energyprom.kz талдау қызметі ұсынды.

2020 жылы қаңтар-желтоқсан айында тыныс алу жолдары инфекциясының 610,5 мың жағдайы тіркелген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға артық. Оның 82,6 пайызы немесе 504 мың жағдай қалалық жерлерде, 17,4 пайызы немесе 106,5 мыңы ауылдық жерлерде тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 15 наурызына дейін республикада коронавирустың 225 685 (CVI +) жағдайы анықталған. Оның ішінде 2865 адам өлген. 2020 жылғы 1 тамыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін коронавирус инфекциясының (CVI−) белгілері бар пневмонияның 49 871 жағдайы тіркеліп, 652 адам қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирус статистикасына қатысты әлденеше рет дау шыққан. Індет өршігін 2020 жылғы маусым-шілде айларында өлім-жітім көбейе түсті. Алайда қайтыс болғандар коронавирус статистикасына қосылған жоқ. Бастапқыда пневмонияға шалдыққандар мен пневмониядан көз жұмғандар да коронавирус статистикасына қосылмай келді. Мәселе туралы Қазақстан және шетел баспасөзі жаза бастаған соң ғана президент Тоқаев статистиканы реттеуді тапсырып, 1 тамыздан бастап коронавирус статистикасына пневмонияны қосып санай бастаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір