• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:57:36
Алматы
+35°

Алматы облысында демалыс күндері локдаун енгізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша баяндаған облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны Алматы облысында 0,6 процентті құрап, өткен тәулікте 99 жағдай тіркелген.

Инфекциялық стационардың толымдылығы 43 пайызды, реанимациялық төсектер толымдылығы 15 пайызды құрап отыр. 

Өңір басшысының айтуынша, облыстың медициналық ұйымдары қажетті жабдықтармен және дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. Инфекциялық стационардағы төсек саны 412-ге көбейтіліп, қазір саны 1 550 бірлікке жеткізілген.

Биылғы жылдың басынан бастап 11 ПЦР-зертханасында 137 мың тест өткізілген. 391 мобильді бригада коронавирус күдігі бар науқастардың үйіне барып 50,7 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті.

Облыста ауру деңгейінің өсуіне байланысты карантиндік режим күшейтілді.

Белгілі болғандай, мектепке дейінгі мекемелердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни ұйымдарының, қоғамдық моншалар мен көліктің жұмысы сағат 17:00-ге дейін, ойын-сауық объектілері мен мейрамханалардың жұмысы сағат 21:00-ге дейін келушілер санын ескере отырып шектелді. Демалыс күндері облыста толық локдаун енгізіледі.

– Алматы қаласы мен облыс арасында халық көші-қонының жиілеуіне байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында ауру деңгейінің біршама өсуі байқалады. Бас санитар дәрігерлер шектеу шараларын күшейту жөнінде жекелеген қаулылар қабылдады, – деді Баталов.

Өңірде карантин шараларын сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

1 қаңтардан бастап 6797 рейд барысында карантин режимін бұзудың 449 жағдайы анықталды, 410 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу 30 егу пунктінде жүргізіледі, 6883 адамға екпе жасалды.

Қазір Алматы облысы "сары" аймақта тұр. Ауруханаларда 685 адам ем қабылдап жатыр, оның 22-сінің жағдайы ауыр.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір