• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:42:10
Алматы
+12°

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы талқыланатыны хабарланды.

– Заң жобасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілді. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен ие болуына тыйым салуды енгізу. Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, – деді аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев.

Бұған дейін президент Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдағанын хабарлаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір