18 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: qamshy.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы "Алтын Орда" базары жанындағы жол айрығы құрылысының баяу жүріп жатқанын сынады.
– Бұл – әсіресе, қала іргесіндегі елдімекен тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. "Алматы – Бішкек" тас жолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуге тиіс болатын. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Асқар Ұзақбайұлы, Алматы және Алматы облысының әкімдерімен бірлесе отырып, "Райымбек – Алматы" учаскесінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын, – деді Тоқаев Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір