• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:26:20
Алматы

18 Қараша, 2024 NEWS

Елімізде электромобильдер саны 1,8 есе өсті

2024 жылғы қыркүйекте есепке 163,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% кем.

Көрнекі сурет

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 614,7 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,9% бензинмен жүреді, аралас отын есебінен қозғалатын автомобильдердің үлесі – 7,4%, дизель отынымен – 7,1%.

 Газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 213 бірлікке артты, көліктің жалпы санында газ баллоны бар автомобильдің үлесі 0,3% құрады. 

Тағы 11 706 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және олардың жалпы көлік санындағы үлесі 0,2% құрады, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда электромобильдер саны 1,8 есе өсті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: электромобильдер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір