25 Наурыз, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
"Солтүстік Корея Жапон теңізіне екі баллистикалық зымыран ұшырды" деп мәлімдеді АҚШ пен Жапония.
Бұл Джо Байден АҚШ президенті болғаннан кейінгі алғашқы сынақ.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары бойынша қауіп төндіретін қару деп саналатын баллистикалық зымырандарды сынауға тыйым салынған.
Жапония да, Оңтүстік Корея да бұл сынақты айыптады.
Бұл оқиға Солтүстік Кореяның Сары теңізге баллистикалық емес екі зымыран ұшырғаны туралы хабардан бірнеше күн өткен соң болды.
Жапония өзінің аумақтық су айдынына ешқандай қалдық түспегенін мәлімдеді.
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әскери күштерді бақылайтын АҚШ-тың Тынық мұхиты қолбасшылығы бейсенбіде Солтүстік Кореяның заңсыз қару-жарақ бағдарламасы көршілеріне және халықаралық қоғамдастыққа қауіп төндіреді деп мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір