26 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: skopetro instagram парақшасынан
Петропавлда теміржолда тепловоз бен көлік соқтығысты, деп хабарлады pkzsk.info сайты.
"Бензострой ауданында ВАЗ 2110 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі "ТОҚТА" белгісін елемей, №1216 тепловозымен соқтығысқан. Тепловоз жүргізушісі жедел тоқтауға мәжбүр болған" делінген қалалық полиция басқармасының хабарламада.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісін жедел жәрдем қызметкерлері Петропавл медициналық мекемесіне жеткізді. Алғашқы шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін медицина қызметкерлері ер адамды үйіне жіберді, – деді полиция қызметкерлері.
Сайт мәліметінше, сарапшылар Оңтүстік Орал темір жолына келтірілген материалдық шығынды анықтағаннан кейін жүргізушіге қатысты әкімшілік кодекстің 610-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір