29 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: inbusiness.kz
Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Директорлар басқармасының дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты өзінің басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындаған.
Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Сидней Олимпиадасының чемпионы, Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.
Нұртазин мен Ибраимов – 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін комиссияларда 6 қазақстандық жұмыс істеген. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссиялар таратылып, қазір жаңадан тағайындалып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір