• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:40:52
Алматы
+35°

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басқарма басшысы Сауат Мыңбаев денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кететіні туралы ақпарат тарады.

Бұл туралы алдымен YEDILOV ONLINE телеграм-каналы хабарлады.

"Бұған дейін әлеуметтік желіде оның (Сауат Мыңбаевтың - ред.) омыртқасын зақымдап алғаны, шұғыл түрде Германияның "Шарите" ауруханасында жеткізілгені  туралы ақпарат тараған" деп жазды телеграм-канал.

Артынша Nege.kz сайты да бұл туралы жазып, өзінің сенімді дереккөзі ақпаратты растағанын хабарлады. Порталдың дереккөзі "оның омыртқадан алған жарақаты тым ауыр. Әлі қозғала алмайды. Жағдайы мүшкіл. Сол себепті қызметтен кетуге арыз жазуға мәжбүр болды" деп мәлімдеген.

Сауат Мыңбаевтың "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кететіні ресми түрде расталған жоқ.

Алайда YEDILOV ONLINE телеграм-каналы оның орнына баруы ықтимал кандитаттардың есімі жарияланып жатыр. Телеграм-канал дерегінше, ұлттық компания басшылығына президент көмекшісі Қанат Бозымбаев немесе "Қазатомпром" компаниясының басқарма басшысы Ғалымжан Пірманов тағайындалуы мүмкін.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір