• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:27:32
Алматы
+12°

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен қаладағы карантин шараларын қайта қарауды сұрады, деп хабарлады atameken.kz сайты. 

"Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 19 наурыздағы шешімін тым қатаң деп санаймыз. Шектеулерді 12 сәуірге дейін ұзартуға кәсіпкерлер орынды наразылық білдіріп жатыр. Алматы қаласы бас санитар дәрігеріне "қызыл аймақта" тұрған Нұр-Сұлтан қаласындағы алгоритмге сәйкес шектеу шараларын жұмсарту үшін карантин талаптарын қайта қарауды ұсынамыз" делінген үндеу хатта. 

Кәсіпкерлердің басты талабы, бизнес пен жұмыс орындарын сақтап қалу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беру. 

"Атамекен" ҰКП жүргізген сауалнама нәтижесінде, елдегі бизнес өкілдері салық және несие төлемдерін кейінге шегеруді, несие сомасын қайта қаржыландыруды, салық және еңбекақы төлеу қорының төлемдерінен босатуды сұрап отыр.

Сондай-ақ кәсіпкерлер жалға алу құны және коммуналдық төлемдерді өтеуге көмек қажет екенін айтып, қызметкерлерінің мемлекеттен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек алуына ықпал етіп, тұтынушылық несиелері бойынша төлем мерзімін кейінге шегеруді сұрап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір