• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:49:10
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен үкіметттің жұмысын сынға алды, деп хабарлады Ақорда. 

Тоқаев вакцинацияның кешігуі абстрактілі мәселе емес екенін жеткізді.

– Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі, азаматтарымыздың денсаулығы мен өлімі, жоғалған кәсіпкерлік кірістер, бюджетке түскен салықтар және ұлттық байлықтың жалпы құлдырауы жайында болып отыр.

Алексей Владимирович, мен сізге денсаулық сақтау министрі – үкіметтің шешуші тұлғасы, ерекше өкілеттігіңіздің барын айтқанмын. Жұмысты жақсы бастадыңыз, кейін бәсеңдеп кеттіңіз, – деді президент.   

Тоқаев эпид ахуал жақсармаса, кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін екенін айтты.

– Сәуір айында жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпесе, кадрлық ауысулар болуы мүмкін. Бұл сізге ұнамайтыны анық. Бұл денсаулық сақтау министріне ғана емес, жалпы үкіметке қатысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қоса президент елімізде қорғану құралдарының тапшылығы мен сапасының төмендігі байқалғанын тілге тиек етті.

– Жекелеген өңірлерде қорғану құралдарының тапшылығы мен сапасының төмендігі байқалады. Біз "СК-Фармация" басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшы басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт. Жағдай реттелмесе жаңа басшы да жұмыстан босатылады, – деді президент.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір