• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:51:39
Алматы
+35°

Алматы қаласындағы "Аманат" өнер мектебінің ұстазы, күйші, 1-топтағы мүгедек Бекзат Мұстафаев дертіне қажетті ем алу үшін халықтан көмек сұрайды.

Бекзат Мұстафаев 1992 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын аяқтаған соң ұстаздық еңбек жолын бастаған. Қазір "Аманат" өнер мектебінде балаларға күй класынан дәріс оқиды.

Ол 2014 жылдан бері ауыр дертке шалдығып, екі бүйрегі істемей қалған.

Бекзаттың диагнозы: №18.0 Бүйректің зақымдануының соңғы сатысы. Созылмалы гломерулонефрит, нефросклерозға соқтыратын гипертониялық түрі. БСА 5 сатысы Уремия. Ауыр дәрежедегі реналдық анемия. ХРБС. Митральды жеткіліксіздік ФК2, ХСН 2а. бағдарламалық гемодиализ.

Бекзат бүйрегін ауыстыру үшін шетелде жасалатын отаға қаражаты жоқ екенін, сондықтан халыққа алақан жаюға мәжбүр екенін айтады.

– Алматы қаласындағы "Жасанды бүйрек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диализ орталығына 2014 жылдан бері, аптасына 3 рет барып, ем қабылдаймын. Аталған орталықта 2014 жылдан бастап донорлық кезекте тұрамын. Алайда еліміздегі бүйрек трансплантациясының тығырыққа тірелген қазіргі күрделі жағдайына байланысты ол кезек тізімі өзгеріссіз, сол қалпында тұр. Донор табылмай жатыр.

Осы аурудың салдарынан денсаулығым қатты әлсіреді. Диализ орталығына барып ем алуымның нәтижесінде ғана өзімнің сүйікті мамандығым бойынша еңбек етіп жүрмін. Мұғалімдік еңбекақым ауруымды емдеуге жетпейді. Бүйрек трансплантациясының шетелдегі құнына қаражатым жоқ, – дейді ол.

Бекзаттың әкесі Дәурен Мұстафаұлы 2014 жылы бүйрегін ұлына беруге тәуекел етеді. Алайда медициналық тексеріс барысында оның қос бүйрегінен бүйрек кистасы анықталып, донор болуға жарамайды. Науқастың әкесінен басқа туыстық байланысы бар донор болатын жақыны жоқ.

– Қазақ өнерінің болашақ кішкентай қарлығаштарын қалыптастыруға қолымнан келгенінше еңбек етіп жүрмін. Бірақ ауруым жаныма қатты батып жүр... Бүйрек трансплантациясымен айналысатын ТМД және шетелдердегі ғылыми-зерттеу иституттары мен клиникаларға ота жасату үшін көп қаражат керек екен. Белорусь мемлекетінде бүйрек трансплантациясын жасату үшін 65.000 доллар қаражат сұрады, – дейді Бекзат.

Бекзат Мұстафаевқа ота жасау үшін қажетті қаражатты жинауға үлес қосамын деушілер үшін төменде қосымша ақпарат мен есепшот нөмірі көрсетілген:

Аты-жөні: Мұстафаев Бекзат Дәуренұлы, 28 жаста. 

Мекен-жайы: Алматы  қаласы, "Ақбұлақ" ықшамауданы, Шәріпқанов көшесі, 29-үй

Электрондық поштасы: [email protected].

Instagram әлеуметтік желісі: @b7eka

Байланыс телефоны:  8-708-564-81-58 

KASPI GOLD: 5169 4971 3712 7480

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ??ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір