• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:59:22
Алматы
+35°

Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.

Кешегі мәлімет бойынша, Қазақстанның тек бір өңірі "сары" аймақта болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір