08 Сәуір, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Қамауда отырған Алексей Навальныйдың адвокаты оның денсаулығы нашарлап, аяғы мен қолы жансыздана бастағанын мәлімдеді.
Адвокат Вадим Кобзевтің хабарлауынша, колонияда жатқан Навальныйға жұлын жарығы диагнозы қойылған.
Өткен аптада Навальный белі мен аяғының қатты ауырғанын дұрыс емдеуді талап етіп, аштық жариялаған.
Сәрсенбіде Навальныйға кезіккен Кобзев Twitter-де "Алексей өзі жүрді. Ол жүру кезінде ауырсыну сезінді. Оның аяғының, қолының және буындарының сезімталдығы жоғалып барады" деп жариялады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір