• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:08:00
Алматы
+12°

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысын қаржыландыруды 2025 жылға дейін ұзарту қарастырылып жатқанын мәлім етті. Бұл туралы ол Ақ жол партиясының депутаттық сауалына жолдаған жауабында айтты.

Маминнің айтуынша, 2019-2020 жылдары республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 4 мың пәтер жалға берілген.

"Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл 3 мың пәтер беру мәселесін пысықтауда. Сондай-ақ, аталған бағдарламаға 2025 жылға дейін қаржыландыруды ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2021-2025 жылдары "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес жыл сайын республикалық маңызы бар қалаларда 3 мың жасты осындай тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2025 жылға қарай жұмыс істейтін жастарға барлығы 15 мың пәтер берілетін болады. Мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде және олар Үкіметтің бақылауында" делінген Асқар Маминнің Ақ жол партиясы депутаттарының сауалына жолдаған жауабында.

2019 жылы республикалық маңызы бар қалалардың 29 жасқа дейінгі жастарына пәтерлер сатып алу құқығынсыз жалға беріле бастады. Бағдарламаға сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жыл сайын 1000 пәтер беру көзделген. Пәтерлердің ай сайынғы жалдау ақысы коммуналдық қызмет ақысын қоспағанда 5 мың мен 12 мың теңге аралығында.

Бағдарламаға 29 жасқа толмаған, соңғы екі жылда пәтер алғысы келетін қалада тіркеуде тұрған, жалақысы 40 АЕК-тен асатын (2021 ж. - 116 680 тг) асатын, банкте депозиті бар, өтініш тапсырушы мен жұбайының атында үйі жоқ азаматтар қатыса алады.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көпұпай саны бойынша) есепке алу арқылы жасалады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: баспана мәселесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір