• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 01:18:36
Алматы
+14°

Бішкек тұрғыны 26 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне күдікті Замирбек Теңізбаев өлер алдында туыстарына жіберген аудиохабарламасы әлеуметтік желілерде таралды. Бұл туралы Сводка сайты хабарлады.

Аудиохабарламада ер адам жылап тұрып, ағасы және анасымен қоштасады.

– Келіндеріңіз мені және біздің махаббатымызды сатып кетті. Мен қанша айтсам да көнбеді. Мен тек соны сүйдім, басқа ешкімге қарамадым. Соған ғана үйленгім келді. Ол мені алдады. Бір ай күт деді, күттім. Екі ай күт деді, күттім. Бірақ енді бәрі бітті, – деді Замирбек Теңізбаев.  

Сонымен қатар Замирбек соңғы күндері Айзадамен қарым-қатынасының нашарлап кеткенін айтып, бірнеше рет кешірім сұраған.

–  Мен ол үшін өзгердім. Сіз мені бұлай тумадыңыз, ана, мені кешіріңіздер. Барлық істеген күнәларым үшін кешіріңіздер, – деді ол. 

Аудиохабарламада Айзаданың даусы да естіледі. 

– Мен саған күте тұр дедім ғой, –  дейді Айзада.

– Мен оны күте-күте шаршадым. Бірақ мен Айзадасыз өмір сүре алмаймын. Мені кешіріңіздер, – деді  Замирбек жазбаның соңында.

Аудио "ұрлау" әрекеті болғаннан кейін 5 сәуірде жазылуы мүмкін.

Бұған дейін Айзада Қанатбекованы 5 сәуірде Бішкектің маңындағы алаңда бірнеше ер адам ұрлап әкеткені хабарланған. Ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Айзаданың денесін полиция емес, далада жүрген шопан тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті онымен сөзге келіспей, қылқындырып, артынша өз-өзіне қол жұмсаған. 

Ал 7 сәуір күні Айзада Қанатбекованың және оның өліміне күдікті Замирбек Теңізбаевтың мәйіті автокөліктен табылды. Жас қызды өлтірді делінген күдікті бұған дейін Ресей түрмелерінде үш рет жазасын өтеген. 

Қырғызстанда бұл іс үлкен резонанс тудырып, Бішкектің ішкі істер министрлігі ғимаратының маңында "Зорлық-зомбылыққа қарсы" митинг өткен. Кейін бұл мәселені ел президенті Садыр Жапаров жеке бақылауына алынғаны хабарланды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір