09 Сәуір, 2021 Барлық аймақтар
Фото: Qamshy.kz
2020 жылы, 6-8 сәуір күндері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жылсайын ұйымдастырылуы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» онлайн түрдеболып өтті.
Еліміздегі алдыңғы қатардағы жоғары оқу орыны бұл шараны биыл сегізіншімәрте өткізіп отыр. сегіз жылдың ішінде«Фараби оқулары» ғылыми қоғамдастық пен әлемдік жоғары оқу орындары арасындатанымал болып, халықаралық деңгейде аса белгілі болды.
Дәстүрлі бұл шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқа 15 факультеттерімен қатар жоғары оқу орынына дейінгі білім беру факультеті де биікөреде өзінің ерекшелігін сәулелендіре білді. Құрамы басқа факультеттерден өзгеше болуымендараланған бұл ұжым да қандастарды және шетелазаматтарын жоғары оқу орындарына дайындауға, жалпы білім мен тілдік білім береді. Соныменқатар колледж бен бейіндік мектеп бар.
Осы шараның нәтижесінде әсіресе арман арқалап еліне енді келген қандастарымыз өз өнерлерін әрқырынан көрсете алды.
Жоғары оқу орынына дейінгі білім беру факультетіндегі «VIII кезекті халықаралық Фарабиоқуларының» ашылуын факультет деканының орынбасары Тілеуберді Ербол жүргізді. Факультет деканы Жаппасов Ж.Е. ашылу сөзін сөйледі. факультет деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Амирканов Марат Болысбекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.Факультет оқытушысы Мағаз Ретбек онлайыншараға техникалық құлдау көрсеттіп, ахпараттық жәрдем берді.
Ауқымды халықаралық іс-шараның ашылуында маңызды баяндама жасаған Тілеуберді Ербол ғылымның адамзат қоғамындағы роліне тоқтала келіп, факультет тәлімгерлерін ғылыммен айналысу арқылы тәуелсіздігіне 30 жылдығын тойлап жатқан Қазақстанды мәңгілік елге айналдыруға атсалысуға шақырды. Оның айтуынша бұл ғылыми іс-шараның жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі бағдарламалары мынадай болды:
Шараға қатынасып жатқан униерситетіміздің барлық факультеттеріне, факультеттің барлық кафедраларына, жас шәкірттерге, ұстаздарға табыс, сәттілік тілейміз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір