12 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
2020 жылдың сәуір айында карантин талабын бұзып, қызметінен қуылған Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қайтадан жаңа қызметке тағайындалды.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді Ж. Зиадин Талғар ауданының полиция басқармасын басқарады.
"Полиция полковнигі Ж. Зиадин әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды және ішкі істер органдарында20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Талғар ауданының полиция басқармасы басшысы лауазымына 2021 жылдың 5 ақпанында тағайындалғанын хабарлаймыз" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір