13 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Саясаттанушы, мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі Әміролла Саримов өмірден өтті. Бұл туралы депутаттың өзі facebook парақшасында жазды.
"Ардақты ағайын. Асқартаудай әкеміз, қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Саримов дүниеден озды. Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз.
...
Қонақасы бүгін сағат 20.00. Мекен жайы: "Төле би" мейрамханасы, Төле би көшесі мен Шагабутдинов көшелерінің қиылысы.
...
Соңғы сапарына ертең, 14 сәуір күні аттандырамыз. Паримбетов 9а көшесіндегі (Жандосов көшесінің бойы, Таугүл ықшамауданы) мешітте сағат 10.00 жаназасы. Асы жерлеу рәсімінен кейін, сол "Төле би" мейрамханасында беріледі.
...
Көңіл айтып жатқан барша жұртқа отбасымыздың атынан алғыс айтамыз" делінген депутат жазбасында.
Қамшы порталының редакциясы Айдос Сарымның қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір