• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:29:59
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов елдегі вакцинацияның жүргізілу барысы туралы айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте мәлімдеді.

– Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасуда. Бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бүгінгі таңда бірінші компонент 435 мың азаматқа егілді, екінші компонент 107 мыңнан астам қазақстандық егілді, – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Оның айтуынша, сәуір айының басынан бастап өңірлерге "Спутник V" вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілген.  

– Сәуір айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың "QazVac" вакцинасын жеткізу жоспарлануда. Бұл елдің шамамен 2 млн  азаматын вакцинациялауға мүмкіндік береді, – деді М. Шоранов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір