• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:18:34
Алматы
+12°

Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Г. Надуев карантиндік жаңа шектеу шаралары 17 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

Қаулыға сәйкес:

  • бұқаралық отбасылық, спорттық, салтанатты іс-шаралардың (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салынады;
  • букмекерлік кеңселер, бильярд, караоке, банкет залдарының қызметі тоқтатылады;
  • балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне шектеу қойылады;
  • 15 баладан асырмай білім беру орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі;
  • медициналық орталықтарға алдын ала жазылып баруға рұқсат;
  • 25 баладан аспай кезекші топтарды ұйымдастыра отырып, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына рұқсат беріледі;
  • контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныпта балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға болады.

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері Д. Жанабергенова карантин шараларына қатысты жаңа қаулы жариялады.

Аталған қаулыға сай:

  • банкет залдары, компьютерлік орталықтар мен букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынады;
  • көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізілмейді;
  • қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беріледі;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын-ала жазылу бойынша қабылданады. Жұмысы 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни обьектілердің қызметіне рұқсат беріледі;
  • колледждер мен ЖОО-ның 1-курс студенттері штаттық режимде оқиды;
  • тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақ) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде балалар санын 25-тен асырмай аралас форматта оқуға рұқсат етіледі.

Қостанай облысының бас санитар дәрігері Е. Даулетбаев коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары төмендегідей адамдарды КВИ-ға қарсы вакцинациялаумен қамтамасыз етуді тапсырды:

  • инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлмелерінің медициналық персоналы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері;
  • ұлттық халық санағын өткізу үшін педагогтер, интервьюерлер;
  • учаскелік полицейлер, төтенше жағдайлар қызметінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, сот органдарының қызметкерлері;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті және жабық балалар мекемелерінің персоналы;
  • Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер, ҚР азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері;
  • ҚАЖ мекемелерінің персоналы;
  • әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының персоналы;
  • студенттер:
  • созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі);
  • 65 жастан асқан тұлғалар;
  • өндірістік кәсіпорындардың, фабрикалардың, акционерлік қоғамдардың, бизнес құрылымдардың және т. б. қызметкерлері;
  • консалтингтік компаниялардың, бірлестіктердің, кеңсе ұйымдарының, банк және қаржы құрылымдарының қызметкерлері және т. б.;
  • ҚАЖ мекемелеріндегі адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
  • басқа тұлғалар (тізбеге енбеген).

Ақмола облысының бас санитар дәрігері А. Мусинаның карантиндік жаңа шектеу шаралары 12 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Қаулыға сәйкес, көпшілік жиналатын іс-шараларсыз, оның ішінде жұма, тарауих, айт намаздары мен ауызашарды өткізбей, діни объектілердің қызметіне рұқсат беріледі.

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Б. Әлиев 12 сәуірде карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулы 15 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Аталған қаулыда:

  • бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салынады;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, букмекер кеңселері, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг) қызметіне рұқсат берілмейді;
  • толымдылығы 30 адамнан аспай мәдениет объектілері жұмысын жалғастырады;
  • сыйымдылығы 20 пайыздан асырмай театр, кинотеатр, концерт залдарының қызметіне рұқсат етіледі.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Қ.А. Турдиев коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін өз қаулысына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес, ШҚО аумағында 2021 жылдың 15 сәуірінен бастап 28 сәуірге дейін шаруашылық және өзге де қызметпен, халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен айналысатындарға шектеу шаралары ұзартылады.

Қаулы 2021 жылдың 15 сәуірінен бастап күшіне енеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір