• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:07:45
Алматы
+12°

Алматыда өлтірілген Аяжан Еділова мырыш табытқа жерленді. Бұл туралы NeMolchiKz қорының негізін қалаушы Дина Таңсарі хабарлады. 

– Көңілді, белсенді, мақсатты, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні кісі өлтірушінің құрбаны болды. Туыстары Аяжан денесінің қалдықтарын мырыш табытқа жерледі. Орны толмас қайғы, иманды болсын, – деді Дина Таңсарі өзінің Facebook парақшасында. 

Бұған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кеткені хабарланған. 22 наурызда кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу бастап, бұл іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туылған тұрғыны қамауға алынды.

Аяжанның туыстары оны ерекше қатыгездікпен өлтірілгенін мәлімдеген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір