• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:29:54
Алматы
+35°

Алматыда 17 сәуірден бастап "Ashyq" қосымшасы арқылы кинотеатрлар кезең-кезеңімен жұмыс істейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. 

Кинотеатрға келген көрермендер QR код арқылы билет кассасының кіреберісінде сканерлеуден өтеді. 

Егер де QR код-та "қызыл" немесе "сары" белгі шықса алдын-ала сатып алынған билет кері қайтарылады.

– Кинотеатрларда 5 жасқа дейінгі балалар QR кодын сканерлеуден босатылады, яғни олар үшін "жасыл" белгі. Кейін балалар арасында коронавируспен ауырғандар анықталып жатса, жас ерекшелігін қайта қарастырамыз, – деді Байғабылов.

Сканерлеу барысында "қызыл" белгі шықса, вирус жұқтырғаны, ал "сары" белгі шықса ауырғандармен байланыста болғанын білдіреді.

9-15 сәуір аралығында 235 алматылық Ashyq қосымшасы арқылы жасырынып мекемелерге кірмек болған. Оның ішінде 211 адамнан "қызыл", ал 24 адамнан  "сары" белгі анықталған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір