• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:50:40
Алматы
+12°

Вашингтон  түрмеде отырған ресейлік оппозицонер Алексей Навальный абақтыда қайтыс болса, Мәскеу үшін оның салдары ауыр болатынын ескертті.

Ұлыбритания, Франция, Германия және Еуропалық Одақ та оның емделу жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Навальныйдың дәрігерлері оның арқа ауруы мен аяғының ұйюына шұғыл медициналық көмек көрсетілмесе, "жақын күндері ол өледі" дейді.

Ресейдің Ұлыбританиядағы елшісі Навальныйға назарын аударып отырғанын және "түрмеде өлуіне жол берілмейді" деп мәлімдеді. 

Ол 31 наурызда өзінің медициналық тобына кезіге алмауына наразылық ретінде аштық жариялады. Оның дәрігерлері жақындағы қан анализінің нәтижелерінен кейін Навальныйдың бүйрек қызметі нашарлап, кез келген уақытта жүрегі тоқтауы мүмкін екенін айтқан.

Алексей Навальный ресейлік оппозиционер, жемқорлыққа қарсы күрес қорының негізін қалаушы. 2018 жылы өткен президент сайлауына қатыспақ болғанында кандидатурасы алынып тасталған. 2020 жылғы тамызда оны әлдекімдер улап, өлім аузынан қалған. Алексей Навальный бұған Ресей президенті Владимир Путинді айыптады. Денсаулығы оңалған соң Навальный өзін улағандарды анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп, оның нәтижесінде өзін Путин улағанын айтады. Ұзамай Навальный ем алған Германиядан отаны – Ресейге оралып, Мәскеуге қонған бойда ұсталады. Сот оны мерзімінен бұрын бостандыққа шығу шартын бұзды деген айыппен соттады. Алексей Навальный бұны "өзінің үнін өшіру үшін әдейі жасалған билік әрекеті" деп санайды. Сондай-ақ Навальный қамалғаннан кейін оның командасы "Путиннің зәулім сарайы" туралы деректі фильм шығарды. Фильм youtube желісінде 100 млн-нан астам қаралым жинап, әлемнің көптеген елінде көрілді. Кремль "фильмде айтылған деректер шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеді. Артынша, Ресейдің 10-даған қаласында Навальныйды босатуды талап еткен митингтер өтті. Наразылық акциялары кезінде белсенділер жаппай қамалды.
 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Навальный Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір