22 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Алматы полициясы тұрақты есірткі желісін жойғанын хабарлады. Оның құрамына 30 жасқа дейінгі 10 адам кірген. Топты 1994 жылы туған Х.есімді азамат құрған.
Әлеуметтік желі қолданушылары ұстау кезінде түсірілген видеодан Q-Pop бағытында өнер көрсететін MadMen тобының солисі мен топ продюсерін танығанын жазып жатыр.
– Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді азамат 2020 жылдың қыркүйек айында ілікті. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бірнеше айдан бері Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х. есімді азамат және оның "көмекшілері" қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталды. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты тағайындалған. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап берді, олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассир, өтінімдер қабылдауға жауапты болды, тағы төрт ер адам – қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жиі жұмыс істеген есірткі кепілгерлері, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Синтетикалық есірткіні өндіру үшін пайдаланылатын жалға берілетін тұрғын үйді тінту барысында құрамында белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ зат салынған полиэтилен пакет, сондай-ақ өсімдік тектес жасыл ұнтақты зат табылған.
– Есірткі зертханасы атрибутикасының көп бөлігі Алматы маңындағы жалға алынған тағы бір үйде табылды. Атап айтқанда, ұнтақ және кесек түріндегі заттар, электрондық таразы, қабаты бар зертханалық шыны колбалар, ұнтақ пен кесек түріндегі қабаттар болған өнімдерді және қасықтарды кептіруге арналған әр түрлі шыны ыдыстар, екі магниттік араластырғыш, бір мың түрлі түсті полиэтилен пакеті, зертханалық жағдайда қолданылатын противогаздардың екі жиынтығы қылмыстық іске тіркелді. Ұсталғандардың айтуы бойынша, тәркіленген заттар – "мефедрон" есірткі заты болып табылады. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп қорытындылады Әбілбеков.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір