• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:02:16
Алматы
+12°

26 сәуірден бастап Маңғыстау облысының қоғамдық тамақтану орындарында «ASHYQ» мобильді қосымшасы іске қосылады. Қазіргі таңда өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері әлеуметтік жобаның жұмыс істеу тәсілін кәсіпкерлерге түсіндіруде. Бұл мобильді қосымшаның бір артықшылығы – қазіргі «Қызыл аймақ» жағдайында «Сары аймақтың» талаптары орындалса, «Сары аймақ» режимінде «Жасыл аймаққа» сай жеңілдіктер жасалады.

– Қазір бизнестің 8 бағыты бұл жеңілдікті пайдалана алады. 5 мамырдан бастап мейрамхана, караокелер енеді. Әр кәсіпкер «Infokazakhstan» сайты арқылы QR–код алып, келушілерді сол арқылы тексеріп кіргізеді. Халықтың денсаулық жағдайы ПЦР және «Ковид2021» базасынан лезде тексеріледі. Телефондағы мәліметті ғимарат иесіне не әкімшісіне көрсетіп, еркін кіре алады. Бұл бизнестің жабылмауына, көпшіліктің қалаған жеріне кіруіне мүмкіндік береді. Жоба Алматы мен Нұрсұлтан қалаларында сәтті жүзеге асты. Қазір Маңғыстауда 5 мекеме осы қосымшаның көмегімен жұмыс істеуде. Оның үшеуі қоғамдық тамақтану орны, спа орталық пен спорт кешені, – дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мобильді қосымша коронавирустық инфекцияның кәсіпкерлік субъектілерінде таралу қаупін төмендетуге бағытталған. Қазіргі таңда Ақтау қаласында «Ashyq» мобильді қосымшасына тіркелген бірнеше кәсіпкерлік нысан өз жұмысын жасап жатыр. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қосымшаны қолданып отырған қоғамдық тамақтану орындарына мониторинг та жүргізді. Белсенді топ «Fistashka», «Ali Baba», «Barashka» кафесіне тексеріс жүргізу барысында қосымшаның артықшылығын да түсіндірді.

– Келуші телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірімен тіркеп, ЖСН енгізіп, мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет. Сондай-ақ, шығу кезінде де QR кодын сканерлеу керек. Ол адамның індетті жұқтырғандығын немесе жұқтырмағандығын көрсетеді. QR коды тек кәсіпкерлік субъектісіне ғана беріледі. Жобаға қатысатын кәсіпкерлер өздерінің QR-кодтарын InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы ала алады. QR-код жалпы 4 мәртебені көрсетеді: жасыл, көк, сары және қызыл, – дейді Маңғыстау облысы сауда және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір