26 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сот жұмыс істеуге рұхсат еткен ведомствоның экс басшысы Елжан Біртановтың немен айналысып жүргені туралы айтты.
"Сот Елжан Біртановқа үйден шығып, жұмыс істеуге рұқсат етті. Оны денсаулық сақтау министрлігіне немесе жедел жәрдемге қабылдайсыздар ма?" деп сұрақ қойды "Хабар 24" телеарнасының тілшісі.
– Қазіргі таңда біз де осындай ақпарат алдық. Білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді, – деді министр.
Экс-министр Елжан Біртанов 2020 жылғы 3 қарашада аса ірі көлемде бюджет қаржысын ысырап ету фактісі бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған.
7 қарашада Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, үй қамаққа алынған. Мұнан соң үй қамаққа алу шарасы әлденеше рет ұзартылған.
Жуырда, 21 сәуірде Біртановқа қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы 2021 жылғы 14 мамырға дейін ұзартылды. Алайда сот бұл жолы оған 8:00 мен 19:00 аралығында үйінен шығуға рұхсат берді. Сот мұндай шешімді экс-министрдің бұлтартпау шарасын бұзбауымен түсіндіріп, ел игілігі жолында жұмыс істеуіне болатынын мәлім етті.
Бұған дейін Біртановқа отбасы мүшелері мен адвокатынан өзге ешкіммен сөйлесуге болмайтын. Тіпті оған шаштараз да кіргізілмеген. Енді жаңа шараларға байланысты ол жұмысқа бара жатып жолай жолыққан адамдармен сөйлесе алады. 8:00 мен 19:00 аралығынан тыс уақытта шектеу бұрынғыша қала береді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір