27 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
– Екпе салдырғаннан кейін президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр.
Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді, – деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетейік, президент вакцинаның бірінші компонентін 6 сәуірде салдырған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір