• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 01:53:39
Алматы
+13°

Microsoft-тың негізін қалаушылардың бірі әрі бұрынғы бас директоры Билл Гейтс Twitter-де әйелі Мелинда екеуі ажырасу туралы шешім қабылдағандары жөнінде мәлім етті. Хатқа Билл мен Мелинда Гейтс қолдары қойылған.

"Ұзақ ойлана келе әрі қарым-қатынасымызға қатысты үлкен жұмысты еңсеріп, некемізді үзу туралы шешімге келдік. Соңғы 27 жылда біз керемет үш баланы өсіріп, әлемдегі адамдарға жайлы да өнімді өмір сыйлауға мүмкіндік беретін іргетас қалыптастырдық" деген Гейтстер өмірдің келесі кеңеңінде жұптасып жүре алатынына сенбейтінін атап өтіп, отбасылары жалғыз қалуы үшін кеңістік қалдыруды сұраған.

Билл Гейтс ұзақ жыл әлемдегі ең бай адам болып келген. 124 млрд доллар байлығы бар ол бүгінде әлемді 4төртінші бай адамы саналады. Гейтс ғылым мен білімге, денсаулық саласына көп мөлшерде қайырымдылық жасаған.

Forbes.kz сайтының жазуынша, Билл Гейтс Microsoft акцияларының 1,37 пайызына иелік етеді. Оның құны 26 млрд доллар. Былтыр Гейтс коронавирус пен пандемиямен күресу үшін деп Microsoft басшылығынан кеткен. Содан бері өзі мен әйелі 2000 жылы құрған Билл мен Мелинда Гейтс коммерциялық емес ұйымында көп уақытын өткізген. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Билл Гейтс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір