• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:44:05
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы екпенің 2 компонентін алғандарға қосымша қандай мүмкіндіктер берілетінін айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

– Екі компонентті алған адамдардан шет мемлекеттен келгенде тест талап етілмейді. Сондай-ақ ауысымдық жұмыс істейтіндерге және жұмысқа шығарда немесе кезекті еңбек демалысынан қайтқанда, ауруханаға жатқанда ПТР тест тапсырмайды, – деді А. Ғиният.

Сондай-ақ вице-министр вакциналардың екінші компонентін қай уақыт аралығында қабылдау қажеттігін түсіндірді.

– Елімізде 3 вакцина қолданыста. Бірінші вакцина – ресейлік "Спутник V". Бұрын 21 күннен кейін екінші компонентін алатын, қазір өндірушілердің кеңесіне байланысты екінші компонентін алу 45 күнге дейін созылды. Егер бірінші компонентін алған адам 21-ші күні немесе 45-ші күнге дейін алатын ойы болса, дәрігермен ақылдасып, ала алады. Бүгінде бұл вакцинаның елімізде екінші компоненті жеткілікті.

Екінші вакцина – Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктері шығарған "Hayat-Vax". Бұл вакцинаның екінші компонентін 2 немесе 4 аптадан кейін алуға болады. 

Үшінші вакцина – отандық "QazVac". Вакцинаның екінші компоненті 21-ші күні егіледі, –  деп жауап берді вице-министр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Вакцина Ажар Ғиният 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір