11 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: memleket.kz
Алматы қаласы әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды.
Мәдениет және спорт министрлігіне вице-министр қызметіне ауысқан Ерлан Қожағапановтың орнына Серік Құсайынов тағайындалды. Ал Құсайновтың бұрынғы қызметі Алмалы ауданының басшылығына Ержан Сейтенов келді.
Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылы Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институты, Ресей федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмәмдаған.
Әр жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор секілді қызметтер атқарған. Соңғы қызметінде Алмалы ауданының әкімі болды.
Алмалы ауданына әкім болып тағайындалған Ержан Сейтенов 1974 жылы дүниеге келген. Ол Х. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бітіріп, магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы Жамбыл медициналық колледжде жұмысшы болып бастаған. Алматы қаласының жерді пайдалану мен қорғау, жасыл экономика, тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір