• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:54:47
Алматы
+12°

Англия банкінің басшысы Эндрю Бэйли "Криптовалюталардың өзіндік құндылығы жоқ және оған ақша салатын адамдар барлық ақшаларын жоғалтуға дайын болуы керек" деп санайды.

Биыл биткоин, эфир және тіпті догекоин сияқты сандық валюталар өте жоғары деңгейде өсті.

Осыған байланысты кейбір инвесторлар 2017 жылғы крипто көпіршігі туралы ескертті. Ол кезде биткоин 20 000 долларға дейін көтеріліп, бір жылдан кейін 3 122 долларға дейін құлдырап кеткен.

Бейсенбідегі баспасөз мәслихатында криптовалютаның өсіп келе жатқан бағасы туралы сұраққа Бэйли "Олардың ішкі мәні жоқ... Мен мынаны тағы да ашық айтқым келеді: Егер сіз барлық ақшаңызды жоғалтуға дайын болсаңыз, ғана оларды сатып алыңыз" деп жауап берді.

Бэйлидің пікірлері Ұлыбританияның Қаржылық іс-қимыл агенттігінің (ҚІА) осындай ескертуімен ұқсас болды.

"Крипто-активтерге инвестициялау немесе олармен байланысты инвестициялар және несие беру, әдетте, өте үлкен тәуекелге баруды білдіреді. Егер тұтынушылар өнімнің осы түрлеріне ақша салатын болса, онда олар барлық ақшаларын жоғалтуға дайын болуы керек" деді ұлыбританиялық қаржылық қызметтерді қадағалаушы орган.

Бэйли, бұрын Англияның Қаржылық іс-қимыл агенттігінде (ҚІА) бас атқарушысы болған. Ол криптовалютаға бұрыннан күмәнданып келеді. 2017 жылы да "Егер сіз биткоинға ақша салғыңыз келсе, барлық ақшаңызды жоғалтуға дайын болыңыз" деп ескерткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір