11 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: Мемлекеттік орталық музей баспасөз қызметі
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Жеңіс күніне орай "Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет" қайырымдылық акциясы өтті. Акция ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Аталмыш акция аясында Орталық музей қызметкерлері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, "Ардагерлерімізді бірге құттықтаймыз!" бағыты бойынша музейдің тұрақты серіктестері мен демеушілері ұсынған сыйлықтарды табыс ету үшін ардагерлердің үйіне жол бастады.
"Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет" қайырымдылық акциясы ардагерлер бізге сыйлаған бейбіт күн үшін алғыс пен ризашылық білдірудің тағы бір мүмкіндігі болды. Акцияда А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп гимназиясы мен №176 мектеп гимназиясы оқушылары өнер көрсетті.
ҚР Орталық музейінің «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қолдау көрсеткендер: Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы, ЖК «Аламәт» продюсерлік орталығы, «Мирас» аналар қоғамдық бірлестігі, «By ArT» көркем студиясы, «Buketych FLOWERS» гүлдер дүкені, «Бостан» ЖШС, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, CEZARO ЖК, ZUGO HOME TEXTILE компаниясы, «Алатау-құс» ЖШС, «Sabiland» ЖШС, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС, «Назик» ЖШС, «Tea House» - ТМ «АССАМ шай» ЖШС, «АПТЕКАПЛЮС» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС, «Жаннаның бауырсақтары», «Platinum sharks 2.0» ЖК, «VITA BOTTLERS КАЗАХСТАН» ЖШС, «ОРИМИ СА»-Кофе Jardin» компаниясы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір