• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:33:23
Алматы
+12°

Конституциялық кеңес президент Қ.Тоқаевтың адвокаттық қызметке байланысты жаңа заңды ел конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін қабылдады. Бұл туралы конституциялық кеңестің ресми сайты хабарлады.

"Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан республикасының президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады.

Конституциялық Кеңес Регламентінің 5-2-тармағына сәйкес аталған мәселелерге маманданған құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар мен азаматтар Конституциялық Кеңеске өз қорытындыларын е-mail: [email protected] жолдай алады" делінген ақпараттық хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір