• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:29:17
Алматы
+35°

Мәжіліс отырысында "Ақ жол" фракциясының депутаты Андрей Линник Қазақстанда атыс қаруына рұқсат беруді бақылауды қатаңдату, сондай-ақ білім беру нысандарын күзету жұмысын күшейту бастамаларын көтеріп, премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.

Андрей Линник Қазанда болған қайғылы оқиғаны еске түсіріп, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің, терроризмге қарсы қауіпсіздігі туралы заңнамадағы талаптарға назар аудару керектігін айтты.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанда террористік тұрғыдан нысандарды қорғау әлсіз.

 
– 3 мың оқушыға дейінгі білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүйесі ғана жүргізіледі. Күзет қызметін көбінесе зейнет жасындағы вахтерлер орындайды. Ғимаратқа кедергісіз кіру үшін олармен сыпайы және сенімді сөйлесу жеткілікті. Ал мемлекеттік органдардың ғимараттары қол жетпейтін бекіністерге айналған деуге болады. Ол жердегі әскери күзет пен бес метрлік қоршау кез келген агрессивті адамдардың шабуылына төтеп бере алады. Онда неліктен мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер, олардың аумағы кез келген адам келіп-кететін орын сияқты?, – деді Линник.
 
 
Андрей Линник сондай-ақ Қазақстанда азаматтық қаруды сатып алу құқығы 18 жастан бастап берілетініне наразылық білдірді.

– Неліктен бізде заң бойынша алкогольді 21 жастан, ал қаруды 18 жастан бастап сатып алуға болады? Қару-жараққа лицензия алу үшін есірткі және психоневрологиялық диспансерлерден есепте тұрмағаны туралы анықтама беру жеткілікті, –  деген депутат қару алғысы келетін адамға қойылған талап тың жеңіл деп санайды.

Оның пікірінше, қару ұстауға лицензия беру жасын 18-ден 24 жасқа дейін көтеру, атыс қаруын алып жүруге және сақтауға рұқсат беру мәселесін қайта қарастыру қажет.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты "Ақ жол" фракциясының депутаттары білім беру орындарының терроризмнен қорғану жүйесіне қойылатын талаптарды қайта қарауды ұсынып, қоғамдық орындарды күзететін күзет қызметкерлеріне қару алып жүруге және оларға кешенді ғана емес, адамдардың қауіпсіздігін де қорғауды жүктеу бастамасын көтерді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір