• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:17:39
+12°

Алматы облысының Талғар аудандық сотында әуежай маңынан жерді заңсыз сатқан риэлтор мен экс-шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты. 

Риэлтор мен экс-шенеуніктер қызмет бабын асыра пайдаланып, алаяқтық жасады деп айыпталды. Бұрынғы 3 шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға дейін сотталды.

Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхадиұлы бұрынғы 5 шенеунік пен риэлтордың ісіне қатысты сот үкімін оқыды.

Үкім бойынша: 

  • Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Рустам Тұрысбеков кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, ең төменгі қауіпсіз колонияда 5,5 жылын өткізетін болды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған рақымшылыққа байланысты оның мерзімінің 1/4 қысқартылды. Нәтижесінде ол 4,1 жылды қауіпсіздігі шектеулі колонияда өтеуі керек болады. Сот оны сот залында күзетпен ұстау туралы шешім шығарды.
  • Талғар облысы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Қайрат Алтынбекұлы кінәлі деп танылды. Сот оны 6 жыл мерзімге мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, қауіпсіздігі шектеулі колонияда 4 жылын өткізуді бұйырды. Рақымшылыққа байланысты оның мерзімі қысқарып, колониядағы мерзімі 3 жыл деп тағайындалды.
  • Риэлтор Нұрайым Алданыш 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі орташа колонияға жіберілетін болды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған рақымшылыққа байланысты оның мерзімі 2,5 жылға қысқарды.

Қалған сотталушыларға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

  • Жер регистрі ғылыми-өндірістік орталығы Талғар облыстық бөлімінің бұрынғы бастығы Жарас Мәшімбаевқа 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған рақымшылыққа байланысты оның мерзімі 3 жылға дейін қысқартылды.
  • Бұрынғы жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы аймақтық бөлімі бастығының міндетін атқарушы Медеу Қалыбековке де 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы сот үкімі шықты. Рақымшылыққа байланысты оның мерзімі 3 жылға дейін қысқарды.
  • Басқарманың Жерге орналастыру секторының бұрынғы бастығы міндетін атқарушы Берік Абдуллаевқа 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Рақымшылықтың арқасында оның мерзімі 3 жылға дейін қысқарды.

Айта кетейік, тергеу барысында риэлтор Нұрайым Алданыш қана өз кінәсін мойындамай, кінәсі құжатпен дәлелденбегенін айтқан. Ал қалған барлық экс-шенеуніктер өз кінәсін мойындаған.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсаныңда "Bek Air" әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 12 адам қайтыс болған болатын.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы сот Bek Air

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір