• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:04:10
Алматы
+12°

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында «Әрбір бала мектепке баруға лайық» атты болашақтықтардың инклюзивті білім беруді дамыту жобасы туралы айтты.

«Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Осынау теңдессіз шешімнің арқасында 14 мыңнан астам қазақстандық әлемнің үздік оқу орындарында білім алды. Осы бағыттағы 11 халықаралық стипендия арасында үздіктердің бірі деп танылған «Болашақ» бағдарламасы елімізде бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Фото: Бауыржан Байбектің facebook парақшасынан

Осыдан 20 жыл бұрын бағдарламаның алғашқы түлектері «Болашақ» стипендиаттарының қауымдастығын құрған болатын. Бүгінде ол табысты үкіметтік емес ұйымдардың біріне айналып отыр. Биыл «Болашақ» корпоративтік қорының да қызмет етіп келе жатқанына 10 жыл толады.

Осы жылдар ішінде қор білім беру гранттары арқылы талантты балаларды қолдауға бағытталған 70-тен аса әртүрлі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды іске асырды. Бұлардың қатарында жоғары халықаралық стандарт бойынша балаларға арналған мультимедиялық контент жасау және басқа да жобалар бар.

Сонымен бірге, «Болашақ» қорының 6 жылдан астам уақыттан бергі басым бағыттарының бірі – «Әрбір бала мектепке баруға лайық» атты инклюзивтік білім беруді дамыту жобасы.

Бүгінде бүкіл ел көлемінде 59 мамандандырылған сауықтыру мекемесі мен кабинеттері ашылған. Олар 2 мыңнан астам ерекше балаларды, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қаржыландыруы есебінен ашылған 16 «Қамқорлық» инклюзия кабинетін қамтиды. 420 жоғары білікті жұмыс орны ашылып, 1300 маман мен ата-ана оқудан өтті. Мемлекет деңгейінде жүйелі түрде шешу үшін қор 78-ден астам ұсыныс пен заңнама актілеріне түзетулер енгізді.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету партия лидері 2014 жылы бастамашылық еткен «Кедергісіз келешек» жобасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таныстырған «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының да басымдықтарының бірі болып табылады. Осыған орай 2025 жылға дейін бүкіл колледж бен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың 70%-не инклюзивтік білім беруді ендіруді қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Фото: Бауыржан Байбектің facebook парақшасынан

БҰҰ бастамасымен жыл сайын Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні атап өтіледі. Қазақстанда ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың саны 160 мыңнан асады, оның ішінде 35 мың бала аутизмге шалдыққан.

Сондықтан «Болашақ» қоры 5 жыл бойы Инклюзивтік білім беруді насихаттау бойынша үздік материал республикалық конкурсын өткізіп келеді. Биыл 40-тан астам бұқаралық ақпарат құралынан 138 жұмыс түсті.

Марапаттау салтанаты барысында барша қатысушыларға «Әрбір бала мектепке баруға лайық» жобасын қолдағаны, сондай-ақ қоғамда ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс айттым.

Осынау іске бейжай қарамайтын барша меценаттарға, мамандар мен ата-аналарға арнайы рақмет айтамын. Қоғамдағы немқұрайдылық пен самарқаулықты сейілтіп, ерекше қажеттілігі бар әрбір баланы әлеуметтік ортаға тарта отырып, толерантты қарым-қатынас қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір