Фото: Ашық дереккөз
ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының "Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Асырқызы COVID-19 вакцинасының екі дозасын алғаннан кейін коронавирус жұқтыру деректері туралы айтты.
Ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін 44 адам ауырып қалғанын мәлімдеді.
– Иә, мұндай жағдайлар тіркеледі. Бірінші және екінші компонентті алғаннан кейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелді. Өйткені иммунитет әлі қалыптаспаған, – деді Манар Асырқызы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір