• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:32:05
Алматы
+35°
"Пентагон (АҚШ) үшін ішкі және сыртқы операцияларды жүзеге асыратын 60 мыңға жуық жасырын армия жұмыс істейді" деп хабарлады ұлыбританиялық The Independent басылымы. 
 
Ақпаратқа сәйкес, АҚШ орталық барлау агенттігіндегі жасырын қызметкерлерден он есе көп құпия жедел уәкілдердің кейбіреулері әлемнің ең танымал компанияларына енген.
 
Бұл Пентагон агенттері нақты өмірлік тапсырмалармен айналысады. Онда көбіне әскерилер және келісімшартқа қол қойған тұрғындар  жұмыс істейді.
 
Ақпарттар бойынша, жасырын армия өз міндеттерін Конгресстің хабарынсыз немесе келісімінсіз орындайды.
 
Мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Корея, Ресей және Иранды "дұшпан ел" ретінде қарастырып жұмыс істейтін жасырын армияның бюджеті 900 миллион долларды құрайды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Пентагон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір